«Автодом-М» әлеуметтік жауапты компания болып табылатындықтан қоршаған ортаны қорғау және техникалық қауіпсіздікті, еңбекті қорғау және тиімді мәдениетті толықтай қолдайды. «Автодом-М» компаниясының клиенттері мен қызметкерлерінің денсаулығы біздің барлық ісіміздің негізі болып табылады.
«Автодом-М» клиенттер мен қызметкерлердің еңбектерін қорғауды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол қауіпсіздігі, еңбекті қорғау салаларында жүйені тұрақты түрде жақсартуда үздіксіз жұмыс істейді. «Автодом-М» еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәдениеттерін көтеру үшін жыл сайын бірқатар бағдарламаларды, тренингтерді және бастамаларды өткізеді. Іс-шараларға компанияның барлық қызметкерлері үшін нұсқаулықтар, кәсіби оқулар, тренингтер, сертификаттау және тестілеу енгізілген.
2006 жылдан бастап «Автодом-М» халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттар алды (ISO 14001) бұл қоршаған ортаға теріс әсерін азайту және ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған компанияның экологиялық менеджмент жүйесін анықтайды, сонымен қатар сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі (ISO 9001) және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі (ISO 18001) және осы стандарттарға сәйкестігін растау үшін тұрақты процедуралардан өтеді.