«Автодом-М» компаниясынан операциялық лизингтің басты артықшылықтары:
-Сізге автопаркке айтарлықтай қаржы шығару қажет емес.
-Нақты бюджет. Келісім-шарттың бүкіл мерзіміне белгіленген ай сайынғы жалға алу төлеміне барлық қажетті қызмет түрлері қосылған.
-Сіз өз бизнесіңізге инвестиция жасай аласыз. Операциялық лизинг компанияның айналым қаражатынан ауқымды қаржы бөлуді қарастырмайды.
-Әкімшілік жүктеменің қысқаруы. Сіздің корпоративті автопаркті басқарумен «Автодом-М» қызметкерлері айналысады.
-Тәуекелдердің аутсорсингі.»Автодом-М» тәуекелдермен байланысты барлық сұрақтарды өз мойнына алады және барлық жұмыс түрлеріне бірыңғай жеткізуші болып табылады.
-Көлік құралдары мен автомобиль брендтерінің кең таңдауы. «Автодом-М» Қазақстан Республикасындағы автомобиль брендтерінің ресми өкілдіктерімен тәжірибелік байланыс және серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Сонымен қатар сіздің жеке қажеттіліктеріңіз бен саясатыңызға сәйкес көлік құралдарын алуға, қызмет көрсетуге, сақтандыруға және жабдықтауға арнайы талаптарға ие.
-Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейміз. «Автодом-М» компаниясының ҚР-ның барлық аумағында ресми өкілдіктері мен сервистік орталықтарының кеңейтілген желілері бар.Бұл бізге еліміздің ең шалғай қалаларында автопарктерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.